| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның бұрынғы парламент депутаты Ринат Зайытов Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі жаңа қызметке келді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ринат Зайытов Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына жетекшілік ететін болды.
Жаңа қызметінде Зайытов орталыққа қарасты әскери ансамбль мен оркестрдің жұмысын ұйымдастырады. Сондай-ақ әскери-патриоттық бағыттағы мәдени іс-шараларды өткізуге жауапты болады.
Ұлттық әскери-патриоттық орталық Қарулы күштердегі мәдени және әскери-патриоттық жұмыстарды үйлестіреді. Мұнда әскери шығармашылық ұжымдар жұмыс істеп, жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған түрлі шаралар өткізіледі.
Айта кетейік, Ринат Зайытов 2023–2026 жылдары VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды. Парламентте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі қызметін атқарды.