451.05
504.95
5.6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік желіде ақша жинайтындар есеп беруге міндеттелуі мүмкін
Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде ақша жинайтындар есеп беруге міндеттелуі мүмкін

23.10.2026
мин
0
171
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы қайырымдылыққа қаражат жинайтын азаматтардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Жаңа бастамаға сәйкес, ақша жинаушылар қаржының қайда жұмсалғанын көрсетіп, арнайы цифрлық платформада есеп жариялауға міндеттелуі мүмкін, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы жеке мақсатқа немесе көмекке қаражат жинау тәртібін өзгерту көзделіп отыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжатта қайырымдылыққа жиналған ақшаның ашықтығын қамтамасыз етуге және қаражат жинаушылардың жауапкершілігін арттыруға басымдық берілген.

Қаражат жинаушыларға қандай талап қойылады?

Заң жобасы қабылданса, қайырымдылық үшін ақша жинайтын азаматтарға «қайырымдылық еріктісі» мәртебесін беру ұсынылып отыр. Олар жиналған қаражаттың жұмсалуы туралы мәліметті бірыңғай цифрлық ресурсқа орналастыруы қажет болады. Сондай-ақ қаражат жинау басталғаны жөніндегі ақпаратты жариялап, түскен ақшаның қалай пайдаланылғаны туралы есеп беру көзделген.

Егер жиналған қаражат белгіленген мақсатқа жұмсалмаса, жауапты тұлғаларға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қолдану қарастырылған.

Қайырымдылық жәшіктеріне де талап күшейеді

Құжатта қоғамдық орындар мен ғимараттарға қайырымдылық жәшіктерін орналастыру тәртібін реттеу ұсынылған. Мұндай жәшікті орнату үшін ғимарат иесімен келісімшарт жасалуы керек.

Ал жәшіктен ақша алу кезінде кемінде үш өкіл қатысып, рәсімнің нәтижесі арнайы актімен бекітілуге тиіс. Бұл қаражаттың жиналуы мен есепке алынуын бақылауға мүмкіндік бермек.

Қайырымдылық қорларының атауы өзгереді

Заң жобасында қайырымдылық қорларының ресми атауына да қатысты талап бар. Атап айтқанда, ұйымның қайырымдылық қоры екенін атауынан көрсету міндеті енгізілуі мүмкін.

Сонымен қатар елде волонтерлерге арналған бірыңғай цифрлық платформа құру ұсынылып отыр. Онда еріктілердің қызмет бағыты, жұмсаған уақыты және атқарған жұмысының нәтижелері туралы ақпарат жинақталады.

Бұдан бөлек, заң жобасы медиацияға, шығармашылық одақтарды қаржыландыруға және үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты нормаларды да қамтиды.

Құжаттың қоғамдық талқылауы 2026 жылғы 16 қарашаға дейін жалғасады. Демек, ұсыныстар талқыланып, заң жобасының ережелері өзгеруі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл