441.88
503.61
5.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді жәрдемақы тағайындауда отбасының жағдайы ескеріледі
Жаңалықтар

Енді жәрдемақы тағайындауда отбасының жағдайы ескеріледі

28.09.2026
мин
0
70

Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік жағдайы мен нақты мұқтаждығы ескеріле бастайды. Өзгерістер әл-ауқаты жоғары және ауқатты отбасыларға қатысты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәсіліне өзгерістер енгізілмек. Енді бірқатар әлеуметтік төлемді беру кезінде азаматтың өтінішімен қатар отбасының нақты материалдық жағдайы да ескеріледі.

Қазір елімізде мемлекеттік жәрдемақының 39 түрі бар. Жаңа тәсіл бойынша оның 14 түрін тағайындауда отбасының мұқтаждық деңгейі назарға алынады.

Бұл өзгеріс Отбасының цифрлық картасы бойынша әл-ауқаты «А» және «В» санаттарына жататын, яғни әл-ауқаты жоғары және ауқатты отбасыларға қатысты.

Мұндай тәртіп мынадай төлемдерді қамтиды:

  • балалы және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар;
  • мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын азаматтарға төлемдер;
  • мүгедектікке және асыраушысынан айырылуға байланысты жәрдемақылар;
  • жерлеуге берілетін жәрдемақы;
  • соғыс ардагерлеріне төлемдер;
  • қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына берілетін төлемдер;
  • мемлекеттік атақтары бар азаматтарға арналған жәрдемақылар.

Алайда бұл аталған төлемдердің барлығы автоматты түрде тоқтатылады дегенді білдірмейді. Нақты шешім отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты қабылданады.

Сонымен қатар бір азамат бір жәрдемақыны алып жүріп, басқа әлеуметтік төлемге өтініш берген жағдайда, белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, жаңа жәрдемақы тағайындалмауы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл