| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшысы Елжас Отыншиев ұсталғаннан бір күн өткен соң компанияның жұмысына қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Компанияның хабарлауынша, ҚТЖ штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Тасымалдау процесі үздіксіз жүргізіліп, жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етілуде.
Сондай-ақ пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен тасымалдау кестесінің сақталуы тұрақты бақылауда екені айтылды.
Компания жолаушылар мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемелердің толық орындалатынын мәлімдеді.