443.62
492.24
5.36
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АЭС құрылысы Үлкен ауылын қалай өзгертеді: 33 мың адамға арналған қалашық бой көтермек
Жаңалықтар

АЭС құрылысы Үлкен ауылын қалай өзгертеді: 33 мың адамға арналған қалашық бой көтермек

12.11.2026
0 мин
0
216
Сурет: ЖИ

Алматы облысындағы Үлкен ауылында атом электр станциясының құрылысына байланысты ауқымды өзгерістер жоспарланып отыр. Елді мекенде 33 мыңға дейін адам тұра алатын атомшылар қалашығы бой көтеріп, жаңа тұрғын үйлер, мектептер мен медициналық нысандар салынады, – деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жоспар туралы агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Түркиядағы «Аккую» атом электр станциясында еңбек етіп жүрген қазақстандық мамандармен кездесу кезінде айтты.

Жоба аясында Үлкен ауылының инфрақұрылымын жан-жақты жаңарту көзделген. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысына қоса, білім беру, денсаулық сақтау, қызмет көрсету және кәсіпкерлік салаларын дамытуға басымдық беріледі. Сондай-ақ қонақүйлер мен мамандарды даярлау орталықтарын салу жоспарланған.

Атомшылар үшін бөлек елді мекен салынбайды. Жаңа қалашық қазіргі Үлкен ауылының құрамына біріктіріліп, оның бір бөлігі ретінде дамиды.

– Бұл жеке жұмысшылар кенті болмайды. Бұл – өмір сүруге қажетті барлық ілеспе инфрақұрылымы бар Үлкен ауылының дамуы, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Жоспар бойынша АЭС құрылысы үшін салынатын нысандар кейін де пайдаланылмақ. Яғни құрылыс жұмыстары аяқталған соң оларды ауылдың қажеттіліктеріне бейімдеп, кәсіпкерлік мақсатта қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

Үлкен ауылын Балқаш жағалауындағы заманауи елді мекендердің біріне айналдыру да көзделіп отыр. Ол үшін цифрлық шешімдер енгізіліп, ауылдың табиғи және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, туризм мен демалыс саласын дамытуға көңіл бөлінеді.

АЭС құрылысы өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына да мүмкіндік бермек. Алмасадам Сәтқалиевтің мәліметінше, бір станцияның құрылысы қарқынды жүретін кезеңде 15 мыңға дейін жұмысшы қажет болады. Олардың арасында құрылыс инженерлері, дәнекерлеушілер, монтажшылар, электр мамандары, автоматтандыру және сапаны бақылау саласының қызметкерлері бар.

Ал станция пайдалануға берілгеннен кейін оның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге шамамен 2 мың маман тартылады. Бұл кезеңде атом инженерлері, реактор операторлары, ядролық және радиациялық қауіпсіздік мамандары, сондай-ақ жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметкерлері қажет болады.

Мамандарды даярлау мәселесі де назардан тыс қалмайды. Үлкен ауылында болашақ АЭС қызметкерлерін оқытуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға арналған оқу-жаттығу орталығын орналастыру жоспарланған.

Кадр даярлау жұмыстары Қазақстанның бейінді оқу орындарымен қатар, Қытай мен Ресейдің мамандандырылған білім беру ұйымдарымен бірлесіп жүргізіледі.

Сондай-ақ атом саласының қызметкерлеріне «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алу мүмкіндігі ұсынылады. Атап айтқанда, магистратура, докторантура және жетекші шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өту үшін арнайы квоталар қарастырылған.

Агенттік басшысының айтуынша, Үлкен ауылын дамыту жастарға жаңа мамандықтарды меңгеруге, жұмысқа орналасуға және кәсіби мансабын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар атом саласына тартылатын мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл