| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған арнайы комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде жүргізіліп жатқан кешенді тексерудің алғашқы нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгінге дейін комиссия қорғаныс ведомствосына қарасты 104 нысанды тексерген. Қазіргі уақытта бюджет қаражатының қаншалықты тиімді әрі мақсатты жұмсалғанын анықтауға бағытталған аудит жалғасып жатыр.
Тексеру барысында әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен қызмет өткеру жағдайына ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, әскерилердің азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз етілуі, медициналық қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ мемлекет меншігіндегі мүліктің сақталуы зерделеніп жатыр.
Тексеру нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық анықталып, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазір қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Алайда тергеу мүддесіне байланысты олардың мән-жайы әзірге көпшілікке жарияланбайды.
Кешенді тексеру «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатыр. Негізгі мақсат – Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға, әскери тәртіпті күшейтуге және қорғаныс саласындағы жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған нақты шаралар әзірлеу.
Сонымен қатар комиссия ұсынған ұсынымдар Әскери реформа жоспарын жүзеге асыру кезінде ескеріліп жатыр.
Жоспарға сәйкес, арнайы комиссия өз жұмысын биылғы қараша айында аяқтайды.