453.26
506.7
5.58
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
UWW президенті Астанада өткен Әлем чемпионатының ұйымдастырылуына жоғары баға берді
Спорт

UWW президенті Астанада өткен Әлем чемпионатының ұйымдастырылуына жоғары баға берді

04.11.2026
0 мин
0
46

Астанада күрестен тоғыз күнге созылған Әлем чемпионаты аяқталды. Халықаралық жарыстың қорытындысында Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович чемпионаттың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

1 қарашада елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Әлем чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Биылғы додаға 135 елден 900-ден астам спортшы қатысып, 30 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жабылу салтанатында сөз сөйлеген UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанның қысқа мерзім ішінде ауқымды халықаралық жарысты өткізуге дайындалғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, небәрі 4-5 ай ішінде барлық ұйымдастырушылық жұмыс жоғары деңгейде атқарылған.

— Бұл ерекше әлем чемпионаты болды. Жарыстың қаншалықты жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына барлығымыз куә болдық. Осы ауқымды доданың өтуіне атсалысқан әрбір азаматқа шынайы алғысымды білдіремін. Бүгін чемпионат өз мәресіне жеткенімен, әлемдік күрестің тарихында тағы бір жарқын белес болып қалмақ. Астанада өткен бұл біріншілік баршамыздың есімізде ерекше әсерімен, жылы естеліктерімен сақталатынына сенімдімін, — деді Ненад Лалович.

Салтанатты рәсім барысында халықаралық ұйым басшысы Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасовқа чемпионатты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін арнайы естелік сыйлық табыстады. Сонымен қатар оған чемпиондарға арнап тігілген RUDIS компаниясының жейдесі берілді. Мұндай марапат Қазақстан күресінің тарихында алғаш рет табысталып отыр.

Ал Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов ұлттық құраманың нәтижесіне көңілі толмайтынын ашық айтты. Ол отандық балуандардан жоғары көрсеткіш күткенін жеткізіп, алдағы уақытта спорттық нәтижені жақсартуға басымдық берілетінін мәлімдеді.

— Отандық балуандардың Әлем чемпионатында көрсеткен нәтижесіне көңілім толмайды. Біз бұдан жоғары көрсеткіш күткен едік. Ал чемпионатты ұйымдастыру тұрғысынан Астана өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Спорттық нәтижелер үшін федерацияның атынан барша жанкүйерден кешірім сұраймын. Біз жұмысымызды енді бастап жатырмыз. Алдағы уақытта спортшыларымыздың нәтижесін жақсарту үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. Бұл менің ғана емес, бапкерлер мен балуандардың да ортақ мақсаты. Бізді қолдап, тоғыз күн бойы жанкүйер болған баршаңызға мың алғысымды білдіремін, — деді Еркін Оқасов.

Жабылу рәсімінің тағы бір маңызды сәті – Әлем чемпионатының ауыспалы туын табыстау болды. Ту 2027 жылы әлемдік біріншілікті қабылдайтын АҚШ делегациясының өкілдеріне берілді.

Осылайша әлемнің 135 елінен келген балуандардың басын қосқан Астанадағы Әлем чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті.

Қазақстан күрес федерациясы алдағы уақытта ұлттық құрамалардың дайындығын күшейтіп, бапкерлер мен спортшылардың жұмысын жетілдіруге және халықаралық жарыстардағы нәтижені жақсартуға басымдық бермек. Негізгі мақсат – қазақстандық балуандардың әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жанкүйер сенімін ақтау.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл