| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы едәуір көбейеді. Денсаулық сақтау министрлігі Президент Жолдауы аясында 77 мың мамандарға арнайы қосымша ақы енгізу есебін жариялады. Төлем мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты болып, жалақыны 50%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттіктерін кеңейту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында жаңа қолдау шаралары әзірленді. 1 қаңтардан бастап учаскелік қызметтегі 77 мыңға жуық маман қосымша төлем ала бастайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сүйенсек, қосымша ақы мөлшері қызметкердің үздіксіз еңбек өтіліне қарай белгіленеді:
2 жылдан астам еңбек өтілі барларға – лауазымдық жалақының 20%-ы;
3 жылдан астам еңбек өтілі барларға – 30%-ы;
5 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға – 50%-ға дейін үстеме төленеді.
- Біздің басты мақсатымыз – емханалар мен ауылдық амбулаторияларда халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Бұл жалпы практика дәрігерлері мен учаскелік қызметтегі медбикелердің біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты, – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Ауыл мен қаладағы дәрігерлердің жалақысы қанша болады?
Министрлік ұсынған есепте жалақы көлемі маманның еңбек өтіліне және жұмыс орнына қарай бөлінген.
Ауылдық жерлерде:
Қалаларда:
Қосымша ақы психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге де қатысты болуы мүмкін
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында жұмыс істейтін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді қолдау шаралары да қарастырылып жатыр. Олардың қызметіндегі психоэмоциялық жүктемені ескере отырып, қосымша ақы енгізу мәселесі ұсынылған.
Жоспарланған өзгерістердің негізгі мақсаты — медицина қызметкерлерін ынталандыру, емханалар мен ауылдық амбулаторияларда көрсетілетін көмектің сапасын арттыру және медициналық қызметтің халыққа қолжетімділігін жақсарту.
Жалақының нақты мөлшері мен қосымша төлемдерді енгізу тәртібі тиісті шешімдерге байланысты болады.