455.63
507.89
5.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін алу тәртібі өзгерді
Жаңалықтар

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін алу тәртібі өзгерді

27.10.2026
мин
0
130
Сурет: ertenmedia.kz

Қазақстанда жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды тіркеудің жаңа пилоттық жобасы іске қосылды. Енді мансап орталықтары азаматтарға бірден жұмыссыз мәртебесін бермес бұрын, бос жұмыс орындарын қарастыруға 13 күнтізбелік күн береді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңашылдық кімдерге қатысты және қандай жағдайда мәртебеден айырылып қалуы мүмкін?

Қазан айынан бастап республикамызда жұмыссыздықты реттеудің және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа пилоттық тетігі жұмыс істей бастады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітілген бұл тәртіп азаматтардың бос жұмыс орындарына тиімді орналасуына көбірек уақыт беруді көздейді.

Жаңа тәртіп қалай жұмыс істейді?

Табысы мен жұмысы жоқ тұрғындар тұрғылықты жеріндегі мансап орталығына тікелей барып немесе «Электрондық еңбек биржасы» платформасы арқылы онлайн өтініш бере алады. Деректер мен құжаттар тексерілген соң, азамат бір жұмыс күні ішінде «жұмыс іздеуші» болып тіркеледі.

Бұрынғы ережелер бойынша жұмыс ұсынуға небәрі 2 күн берілсе, қазіргі пилоттық жоба бойынша мансап орталығы мен Электрондық еңбек биржасы азаматқа лайықты жұмыс табу үшін 13 күнтізбелік күн уақыт ұсынады. Осы мерзім ішінде тұрақты жұмыс табылмаған жағдайда ғана адам автоматты түрде «жұмыссыз» мәртебесін алады.

Алайда бұл жеңілдіктер мен талаптар барлық санатқа бірдей қолданыла бермейді. Атап айтқанда:

 16 жасқа толмағандарға;

 Ресми жұмыспен қамтылғандарға;

 Зейнет жасына жеткендерге;

 Оқушылар мен студенттерге (күндндізгі оқу нысаны) бұл тәртіп қолданылмайды.

Жауап беру мерзімі мен міндеттер

Жаңа ереже бойынша, ұсынылған бос жұмыс орнына келісетінін немесе бас тартатынын азамат 3 жұмыс күні ішінде хабарлауы тиіс (бұрын бұл мерзім жұмыс іздеушілер үшін 1 күн болатын). Бұл жауапты мобильді телефон, цифрлық технологиялар немесе жеке барып жеткізуге болады.

Қандай жағдайда жұмыссыз мәртебесінен айырылуы мүмкін?

Мансап орталығы төмендегідей заң бұзушылықтар немесе әрекеттер орын алса, азаматты жұмыссыздар тізімінен шығарып тастайды:

1. Ұсынылған 3 лайықты жұмыстан бас тартса немесе мерзімінде жауап бермесе;

2. Дәлелді себепсіз 5 жұмыс күні ішінде жұмысқа немесе оқуға бармаса;

3. Мемлекеттік жұмыспен қамту шараларына қатысудан өз бетінше бас тартса;

4. Мансап орталығына белгіленген уақытта келмесе немесе өзгерістер (мәселен, кәсіпкерлік ашу, уақытша жұмысқа тұру, мүгедектік алу) туралы 5 жұмыс күні ішінде хабарламаса;

5. Жалған немесе қолдан жасалған құжаттар тапсырғаны анықталса.

Егер азамат осындай тәртіп бұзушылықтар үшін есептен шығарылса, ол жүйеге қайта тіркелу үшін 30 күнтізбелік күн күтуге мәжбүр болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл