451.05
504.95
5.6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісуда Жайдарман кубогы өтті: жеңімпаздарға 1,9 миллион теңге табысталды
Жаңалықтар

Жетісуда Жайдарман кубогы өтті: жеңімпаздарға 1,9 миллион теңге табысталды

23.10.2026
мин
0
134

2026 жылғы 22 қазанда Жетісу облысында «Әкім кубогы – 2026» Жайдарман ойыны өтті. Додаға 10 команда қатысып, жеңімпаздар мен үздік ойыншы ақшалай сыйлықтармен марапатталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жетісу облысында жастар арасында әзіл мен тапқырлықты ұштастырған «Жетісу облысы Әкімінің кубогы – 2026» Жайдарман ойыны ұйымдастырылды. Сахналық сайысқа қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге көңілді қойылымдар ұсынды.

Іс-шара Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен, «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Жобаның негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру және әзіл арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруге мүмкіндік беру.

Биылғы сайысқа жалпы 10 команда қатысты. Олардың қатарында «Seven SU», «Кемел», «Алмалы», «Made in Everest» және «ПРОЕКТ SU» командалары бар. Республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген Жайдарман ұжымдарының қатысуы да бәсекенің мазмұнын толықтыра түсті.

Ойын қорытындысы бойынша командалар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры 1 миллион 900 мың теңгені құрады.

Бірінші орынды иеленген «Кемел» командасына 1 миллион теңге табысталды. Екінші орынға жайғасқан «Made in Everest» командасы 500 мың теңге алса, үшінші орын алған «ПРОЕКТ SU» командасына 300 мың теңгенің сертификаты берілді.

Сонымен қатар «Seven SU» командасының мүшесі Айдана «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алып, 100 мың теңге көлеміндегі арнайы жүлдеге ие болды.

Жайдарман – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, сахнада еркін өнер көрсетуіне жол ашатын алаң. Мұндай сайыстар қатысушылардың командалық жұмыс дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, қоғамдағы түрлі мәселелерді әзіл мен астарлы ой арқылы жеткізуіне мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл