| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда қарыз алушылар заңнамада көзделген берешекті реттеу тетіктерін пайдалана алатынын еске салады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимылының бірыңғай тәртібі белгіленген.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Finkelisim.kz бірыңғай цифрлық платформасы жұмыс істейді. Платформа «бір терезе» қағидаты бойынша бірнеше кредитор алдындағы берешекті бір мезгілде реттеуге мүмкіндік береді.
Платформа тұтынушылық кепілсіз кредиттер бойынша бірнеше кредитор алдында мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға арналған. Қарыз алушы әрбір кредиторға жеке-жеке жүгінбей, берешекті ұжымдық реттеу үшін бір өтініш бере алады.