448.61
503.83
5.48
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Табысы 52 теңгеге асып кеткен отбасы 1,5 млн теңгелік тұрғын үй сертификатын ала алмады
Жаңалықтар

Табысы 52 теңгеге асып кеткен отбасы 1,5 млн теңгелік тұрғын үй сертификатын ала алмады

22.10.2026
мин
0
77
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға берілетін тұрғын үй сертификатын бөлудегі қатаң талаптар мен бюрократиялық кедергілер отбасыларды тығырыққа тіреп жатыр. Астанада отбасылық табысы белгіленген межеден небәрі 52 теңгеге асып кеткен азаматша 1,5 миллион теңгелік қайтарымсыз көмектен айырылып, амалсыз несие алуға мәжбүр болған. Мемлекеттік қолдау жүйесіндегі мұндай шикіліктер туралы Nomad Rights қоғамдық қорының директоры Әлішер Қожағұлов мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Астанада өткен «Қазақстандағы қолжетімді тұрғын үй» жиынында халықтың әлеуметтік осал санаттарына араналған баспана сертификаттарын тағайындау тетіктері сөз болды. Nomad Rights қоғамдық қорының басшысы Әлішер Қожағұловтың айтуынша, қазіргі қолданыстағы ережелер көмекке шынымен мұқтаж жандарға кері әсерін тигізіп отыр.

Еліміздің түрлі өңірлерінде әлеуметтік санаттағы азаматтарға бастапқы жарнаны жабу үшін 1,5 миллион теңгеге дейін немесе бастапқы жарнаның 10 пайызы көлемінде қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттары қарастырылған. Алайда, бұл қолдауға қол жеткізудің шарттары бір-біріне қайшы келеді.

- Жеңілдетілген ипотека рәсімдеу үшін азаматтар алдымен банк алдында төлем қабілеттілігін растауы керек. Ал екінші жағынан, мемлекет ұсынатын 1,5 миллион теңгелік сертификатты алу үшін отбасылық табыс белгіленген жоғарғы шектен аспауы тиіс. Осы екі ортада парадокс туындайды, — деді Әлішер Қожағұлов.

52 теңгенің зардабы және микрокредит қаржысы

Қоғамдық қор жетекшісі елордада орын алған нақты оқиғаны мысалға келтірді. Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған астаналық отбасының айлық табысы мемлекет белгілеген шектен небәрі 52 теңгеге асып кеткен. Осы тиын-тебенге бола жергілікті орган оларға 1,5 миллион теңгелік қайтарымсыз сертификатты беруден бас тартқан.

Ипотеканы жоғалтып алмау үшін аталған отбасы бастапқы жарнаны шұғыл түрде өздері табуға мәжбүр болған. Нәтижесінде, олар екінші деңгейлі банктерден жоғары пайызбен несие алып, микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қызметіне жүгінген.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай тұрғын үй көмегін тағайындауда табыс көлемін есептеу әдістемесін қайта қарау қажеттігін көрсетеді. Әлеуметтік қолдау халықты қарызға батырмай, керісінше жеңілдік жасауға бағытталуы тиіс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл