| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бас прокуратура Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Тергеу барысында оқиға болған аумақ тексеріліп, 30-дан астам әскери қызметші жауап берген. Сонымен қатар қажетті құжаттар мен бейнежазбалар алынып, істің мән-жайын анықтау үшін 12 түрлі сараптама тағайындалған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамады деген күдікке ілінген бірқатар лауазымды тұлға анықталған. Атап айтқанда, олар ауа райы жағдайларын ескере отырып, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шараларды уақытында қабылдамаған және бақылауды тиісті деңгейде ұйымдастырмаған деген күдік бар.
Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезіндегі құтқару жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты да сұрақтар туындаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған әрекеттер адам өліміне алып келген.
Қазіргі уақытта күдікті тұлғалардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беру үшін тергеу жалғасып жатыр. Нәтижесіне қарай оларға қатысты тиісті процестік шешімдер қабылданады.