444.76
495.37
5.37
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
eGov Mobile арқылы отбасының әл-ауқатын бағалауға болады: жаңа сервис қалай жұмыс істейді?
Жаңалықтар

eGov Mobile арқылы отбасының әл-ауқатын бағалауға болады: жаңа сервис қалай жұмыс істейді?

12.11.2026
0 мин
0
66

Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы отбасының әлеуметтік жағдайына алдын ала баға бере алады. Ол үшін мобильді қосымшада «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисі қарастырылған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған қызметтің қалай жұмыс істейтінін және есептеу кезінде қандай мәліметтер ескерілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Калькулятор кімдерге қолжетімді?

«Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» жәрдемақы алушыларға арналған. Сервис отбасының әлеуметтік жағдайын алдын ала бағалауға және есептеуге әсер ететін деректермен танысуға мүмкіндік береді. Қызмет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Оны пайдалану санына шектеу қойылмаған. Яғни азаматтар қажет болған жағдайда мәліметтерін қайта тексеріп, есептеуді бірнеше рет жүргізе алады.

Қандай мәліметтер автоматты түрде көрсетіледі?

eGov Mobile қосымшасына кіріп, авторизациядан өткеннен кейін пайдаланушы туралы бірқатар ақпарат мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде алынады. Олардың қатарында азаматтың жынысы мен жасы, атына тіркелген жеңіл және коммерциялық көліктер, ауыл шаруашылығы техникасы, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелері туралы мәліметтер бар. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысуына қатысты ақпарат ескеріледі.

Бұл деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ. Пайдаланушы олардың дұрыс әрі өзекті екенін тексеруі тиіс.

Ал отбасының басқа мүшелеріне қатысты ақпаратты азамат өзі толтырады. Атап айтқанда, бірге тұратын адамдардың саны, олардың жұмыспен қамтылуы, мүгедектігі немесе созылмалы аурулары, несиелік міндеттемелері мен мүлкі туралы мәліметтер енгізіледі.

Тұрғын үй, көлік және жер телімдері отбасының әрбір мүшесі бойынша бөлек көрсетіледі. Ал отбасының орташа айлық табысы сыйақылар мен қосымша төлемдерді қоса есептегенде бір жалпы сомамен жазылады.

Қате мәліметтерді түзетуге бола ма?

Министрліктің түсіндіруінше, калькулятор нәтижесінің дұрыстығы енгізілген ақпараттың толықтығына байланысты.

Мәселен, отбасы мүшелерінің бірі есепке алынбаса немесе оның табысы мен мүлкі көрсетілмесе, шыққан нәтиже отбасының нақты әлеуметтік жағдайын дұрыс көрсетпеуі мүмкін.

Сондықтан есептеуді аяқтамас бұрын барлық деректі мұқият тексеру қажет.

Егер жүйеде бұрын сатылған автокөлік немесе азаматтың меншігінде жоқ басқа мүлік көрсетілсе, оны калькулятор ішінде түзетуге болады.

Алайда мұндай түзетулер тек алдын ала есептеу кезінде қолданылады. Мемлекеттік дерекқорлардағы ресми мәліметтер өзгеріссіз қалады.

Ресми ақпаратты жаңарту үшін азамат eGov.kz порталы, eGov Mobile қосымшасы арқылы уәкілетті органға немесе тұрғылықты жеріндегі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жүгінуі қажет.

Калькулятор нәтижесі жәрдемақыға әсер ете ме?

Министрлік калькулятордың ақпараттық-анықтамалық мақсатта жұмыс істейтінін атап өтті.

Сервисте көрсетілген нәтиже жәрдемақының тағайындалатынын, мөлшерінің өзгеретінін немесе төлемнің тоқтатылатынын білдірмейді. Есептеу аяқталғаннан кейін пайдаланушы нәтижемен танысып, оған келісетінін немесе келіспейтінін көрсете алады. Сондай-ақ сервистің жұмысына бес балдық жүйе бойынша баға беріп, өз пікірін қалдыру мүмкіндігі бар.

Бұл әрекеттердің ешқайсысы әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, олардың мөлшеріне немесе жалғасуына әсер етпейді. Калькуляторды пайдалану да жәрдемақыдан бас тарту туралы өтініш болып есептелмейді. Сол сияқты ол төлемді тоқтатуға немесе уақытша тоқтата тұруға негіз бола алмайды.

Жалған калькуляторлардан сақ болу қажет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға әлеуметтік желілерде таралып жүрген бейресми әл-ауқат калькуляторларын пайдаланбауға кеңес берді.

Мұндай сервистер ресми ақпарат көздеріне жатпайды және олар ұсынған есептеу нәтижелері шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан отбасының әлеуметтік жағдайын алдын ала бағалау үшін тек eGov Mobile қосымшасындағы ресми сервисті қолданған жөн.

Министрлік калькулятордың негізгі мақсаты азаматтарға өз отбасының әл-ауқатын бағалауға, есептеуге негіз болатын ақпаратты тексеруге және қажет болса мәліметтерді жаңартып, қайта есептеуге мүмкіндік беру екенін түсіндірді.

Бұл ретте жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік қолдау шараларын тағайындаудың қолданыстағы заңнамалық тәртібі өзгермейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл