444.76
495.37
5.37
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысында 20 мың тұрғынды су басу қаупінен қорғайтын жоба қайта жанданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында 20 мың тұрғынды су басу қаупінен қорғайтын жоба қайта жанданды

11.11.2026
0 мин
0
154
Сурет: ЖИ

Түркістан облысында ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау жұмыстары қайта басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоба жүзеге асқан жағдайда шамамен 20 мың адам тұратын Алатау батыр ауылын су басу қаупі азаяды. Сонымен қатар Шардара және Арыс аудандарындағы 63 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы алқабын суармалы сумен қамтамасыз ету жақсарады.

Министрліктің мәліметінше, бұған дейін басталып, түрлі себептермен аяқталмай қалған 10 су шаруашылығы нысанын кезең-кезеңімен аяқтау жоспарланған. Қызылқұм магистральдық каналы – құрылыс жұмыстары қайта жанданған алғашқы нысандардың бірі.

Каналдың ұзындығы 3,8 шақырым болатын бөлігін реконструкциялау 2026 жылдың қазан айында, суару маусымы аяқталғаннан кейін қолға алынды.

Қазір құрылыс жұмыстары тәулік бойы үш ауысыммен жүргізіліп жатыр. Нысанда 250-ге жуық маман мен 50-ден астам арнайы техника жұмыс істеп жүр. Құрылысты жеделдету мақсатында қажетті материалдар жеткізіліп, арнайы бетон араластырғыш қондырғы орнатылған.

Жоба аясында каналдың ішкі беті бетонмен қапталады. Бұл судың ысырап болуын азайтып, суармалы суды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

– Қызылқұм каналын реконструкциялауды аяқтау – министрліктің басым міндеттерінің бірі. Құрылыс жұмыстарының белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуіне, орындалатын жұмыстардың сапасына және нысанның уақытылы пайдалануға берілуіне ерекше назар аударылып отыр. Жобаның іске асырылу барысы тұрақты бақылауда, – деді Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Нұрбек Серіков.

Министрлік құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл