| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылы ЖОО-ға түсу үшін ең төменгі балдар белгілі болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тесті сәтті тапсыру үшін талап етілетін шекті баллдар төмендегідей:
- Математикалық сауаттылық – 10 балдың ішінен кемінде 3 балл;
- Оқу сауаттылығы – 10 балдың ішінен кемінде 3 балл;
- Қазақстан тарихы – 20 балдың ішінен кемінде 5 балл;
- Бірінші және екінші бейіндік пәндердің әрқайсысы – 50 балдың ішінен кемінде 5 балл.
ҰБТ уақыты – 240 минут (4 сағат). Арнайы қажеттіліктері бар түлектерге қосымша 40 минут беріледі.
Сынақ электронды немесе қағаз форматында өткізіледі. Тест нәтижесіне байланысты апелляция беру мүмкіндігі қарастырылған.