448.61
503.83
5.48
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Субтитр жеткіліксіз: Елімізде шетелдік киноларды қазақша дыбыстау талап етілуде
Жаңалықтар

Субтитр жеткіліксіз: Елімізде шетелдік киноларды қазақша дыбыстау талап етілуде

21.10.2026
мин
0
63
Сурет: newsmeter.in

Елімізде прокатқа шығатын барлық шетелдік фильмдерді міндетті түрде қазақ тілінде дыбыстау туралы бастама көтерілді. Бұл талапты көздейтін арнайы петиция Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарауына жолданды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазіргі қолданыстағы «Кинематография туралы» заңға сәйкес, кинотеатрларда көрсетілетін өзге тілдегі туындылар қазақша дубляждалуы, кадр сыртынан аударылуы немесе субтитрмен қамтамасыз етілуі тиіс.

Алайда дистрибьюторлар көбіне ең арзан әрі оңай жолды — субтитрді таңдайды. Осының салдарынан ана тіліміздегі сапалы дубляж кинотеатрларда тұрақты үрдіске айнала алмай отыр.

Петиция авторы заңның 9-бабына түзетулер енгізуді ұсынады. Егер бұл бастама қолдау тапса, шектеулі прокаттағы туындылардан бөлек, барлық негізгі фильмдер міндетті түрде қазақша дыбысталуы тиіс болады. Субтитр мен кадр сыртындағы аудармаға рұқсат сақталғанымен, олар толыққанды дубляждың орнын баса алмайды.

- Бұл ұсыныс өзге тілдегі фильмдерге тыйым салуды көздемейді. Басты мақсат – еліміздегі көрерменге әлемдік киноиндустрия туындыларын мемлекеттік тілде де толыққанды әрі сапалы тамашалауға мүмкіндік беру, – делінген петиция мәтінінде.

Бастама авторы қазақша дубляждың коммерциялық тұрғыдан тиімді екенін нақты деректермен дәлелдейді. Мәселен:

 Disney-дің «Моана 2» анимациялық фильмінің қазақша нұсқасы небәрі 12 күнде 151 миллион теңгеден астам касса жинап, жалпы түсімнің 12%-ын құраған.

 Ал «Головоломка 2» мультфильмі алғашқы төрт күннің өзінде ана тілімізде 40 миллион теңгеден астам қаржы тапты.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, 2024 жылы Қазақстандағы отандық фильмдердің прокаттағы жалпы түсімі 22 миллиард теңгеден асқан.

Петицияда атап өтілгендей, қазақша дубляж заң жүзінде міндеттелмесе, бұл сала шексіз «тұйық шеңберден» шыға алмайды:

 Аударма жоқ, сеанс қойылмайды, кассалық түсім түспейді. Соңында бұл жағдай «сұраныстың жоқтығына» сылтау етіледі.

Петиция авторының сөзінше, бұл тығырықтан шығудың жалғыз жолы — қазақ тіліндегі дыбыстаманы кинотеатрларда тұрақты түрде ұсыну.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл