| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 7 мыңға жуық жасөспірімнің қылмысқа барған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Олардың әрбір екіншісі ауыр қылмыс жасаған. Бұл деректер Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен жиында жарияланды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2,5 мыңға жуық жасөспірім сотталған, ал 3 мыңға жуығы профилактикалық есепке алынған. Бұдан бөлек, биылдың өзінде буллингке қатысты 2 мыңнан астам өтініш тіркелген. Осы мәселелердің алдын алу мақсатында мектептерде құқықтық бағытқа жауапты директордың орынбасары лауазымын енгізу ұсынылып отыр.
Мұндай тәжірибе Жамбыл облысындағы 190 мектепте жүзеге асырылған. Нәтижесінде жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар саны 54,5 пайызға азайған.
Енді осы бастаманы бүкіл ел бойынша енгізу мәселесі қарастырылмақ. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тек жазалаумен шектелмеуі керек. Баланың қауіпсіз ортада білім алуы, өз құқығын білуі және дер кезінде қолдау көруі де аса маңызды.