| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысының Ескелді ауданында болған өрт салдарынан үш бала көз жұмды. Қайғылы жағдай Бақтыбай ауылында 25 қыркүйек күні таңертең тіркелген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, төрт пәтер орналасқан барак тәрізді тұрғын үйдің бірінен өрт шыққан. Төтенше жағдай туралы хабарлама құтқару қызметіне сағат 07:34-те келіп түскен. Өрт шамамен 70 шаршы метр аумақты шарпыған.
Құтқарушылар жалынды сағат 08:17-де оқшаулағанымен, үйдің ішінде болған үш баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қаза болған балалардың ең кішісі бір жаста болса, қалған екеуі алты және сегіз жаста болған.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге қарағанда, балалардың анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден шығып үлгерген. Алайда үш бала ғимарат ішінде қалып қойған.
Оқиға орнына Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен бес арнайы техникасы жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің нақты неден шыққанын және қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.