457.09
508.42
5.67
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БЖЗҚ салымшылардың болашақ зейнетақысына қатысты маңызды есептеу ұсынды
Жаңалықтар

БЖЗҚ салымшылардың болашақ зейнетақысына қатысты маңызды есептеу ұсынды

29.10.2026
0 мин
0
162
Сурет: Egemen Kazakhstan

Зейнетақы жарналарын төлеуді 5 жылға кешіктіру жеке шоттағы қаражаттың миллиондаған теңгеге кемітуі мүмкін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жарна аударуды ерте бастау мен кеш бастаудың айырмашылығын есептеп көрсетті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

БЖЗҚ мамандары жарна аударуды 23 жастан және 28 жастан бастаған екі түрлі сценарийді салыстырып, жинақтаушы жүйеден берілетін алғашқы төлем мөлшерінің қалай өзгеретінін есептеді. Модельде 300 мың теңге көлеміндегі жалақы мен жылына 2 пайыздық нақты өсім негізге алынған.

Жарна аударуды бастау жасы төлемге қалай әсер етеді?

Қордың есебіне сәйкес, көрсеткіштер мынадай айырмашылықты көрсетеді:

 23 жастан бастағанда: алғашқы айлық төлем шамамен 143 мың теңгені құрайды.

 28 жастан бастағанда (5 жылға кеш): ай сайынғы төлем шамамен 116 мың теңгені құрайды.

Нәтижесінде, жиналған сомадағы айырмашылық 5 миллион теңгеге жуықтап, алғашқы ай сайынғы төлемнен 27 030 теңгедей ұтылыс пайда болады. Бұл ретте қор бұл төлемдер тек БЖЗҚ есебінен берілетінін, ал жалпы сомаға адамның еңбек өтіліне қарай базалық және ынтымақты зейнетақы да қосылуы мүмкін екенін ескертеді.

Миллиондаған қазақстанда неге зейнетақы жарнасы жоқ?

БЖЗҚ деректері көрсеткендей, ел бойынша миллиондаған салымшының шотына белгілі бір кезеңдерде міндетті зейнетақы жарналары түспеген:

 2,9 миллион адамнан – 1 жыл бойы;

 1,8 миллион адамнан – 3 жыл бойы;

 1,2 миллион адамнан – 5 жыл бойы жарна түспеген.

Алайда бұл көрсеткіштердің бәрі жұмыс істемегендерді немесе жарна төлемеген жұмыс берушілерді білдірмейді. Статистикаға мүгедектігі бар жандар, шетелге кеткендер, әскери қызметшілер және қайтыс болған салымшылар да кіреді. Жалпы өмірлік жағдайларға байланысты оқу, бала күтімі, маусымдық жұмыс немесе ұзақ емделу де бұл үзілістерге себеп болуы мүмкін.

Жұмыс беруші жарна аудармаса, не істеу керек?

Егер есеп айырысу парағында ақша ұсталғаны көрініп тұрса, бірақ БЖЗҚ шотында түсім болмаса, келесі қадамдарды жасау қажет:

1. Жұмыс берушіге немесе бухгалтерге хабарласып, төлем тапсырмасын сұрату (деректемелерді тексеру).

2. Егер жарна мүлде аударылмаса, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына немесе e-Otinish арқылы шағым түсіру.

3. Еңбек қатынастары ресімделмесе немесе жалақы толық төленбесе, мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгіну.

Өз шотыңыздағы қаражат пен аударымдарды БЖЗҚ ресми сайтынан, мобильді қосымшасынан немесе eGov.kz порталы арқылы кез келген уақытта тегін тексеріп көруге болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл