| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда тұрғын үй алуға арналған «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру 2027 жылы да жалғасады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
«7-20-25» бағдарламасы аясында 2027 жылы қазақстандықтарға ипотекалық несие беруді жалғастыру үшін 100 млрд теңге бағытталады. Қаржы әр тоқсанға 25 млрд теңгеден бөлінбек.
Бөлінген қаражат екінші деңгейлі банктер рәсімдеген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға жұмсалады. Бұл ретте банктерге алдын ала қаржыландыру беру тетігі қарастырылмаған.
Бағдарламаға қатысуды жоспарлаған азаматтар үшін негізгі талаптар өзгеріссіз қалады. Атап айтқанда, ипотекалық несие жылдық 7 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Бастапқы жарна тұрғын үй құнының кемінде 20 пайызын құрауы керек. Қарызды өтеу мерзімі 25 жылға дейін белгіленген.
Сонымен қатар бағдарлама арқылы тек бастапқы нарықтағы, яғни жаңадан салынған тұрғын үйді сатып алуға болады. Әр азаматтың бұл мүмкіндікке бір рет қана қатысуына рұқсат етіледі.
Сатып алынатын баспананың ең жоғары құны өңірге байланысты белгіленген:
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында және олардың қала маңындағы аймақтарында – 30 млн теңгеге дейін;
Қарағандыда – 25 млн теңгеге дейін;
Қазақстанның басқа өңірлерінде – 20 млн теңгеге дейін.
2018 жылы іске қосылған «7-20-25» бағдарламасы осы уақытқа дейін мыңдаған азаматтың баспана алуына мүмкіндік берген. Бағдарлама басталғалы бері 87 мыңнан астам ипотекалық несие рәсімделген. Берілген қарыздардың жалпы көлемі 1,26 трлн теңгеден асқан.