453.87
508.33
5.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда көпқабатты үйдің пәтерінен есірткі зертханасы табылды
Жаңалықтар

Алматыда көпқабатты үйдің пәтерінен есірткі зертханасы табылды

02.11.2026
0 мин
0
112

Алматыда полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 34 жастағы қала тұрғынын анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті тұрғын үй кешеніндегі пәтерде “мефедрон” синтетикалық есірткісін өндіретін шағын зертхана ұйымдастырған.

Көршілердің күдігін тудырмау үшін ол зертхананы ғимараттың ең жоғарғы қабатына орналастырып, есірткі өндіру кезінде бөлінетін жағымсыз иіс пен газдарды сыртқа шығаратын құрылғыны үйдің желдеткіш шахтасына қосқан.

Пәтерді тінту барысында полиция қызметкерлері бір келі дайын есірткі, кристалдары бар алты шыны науа, дихлорметан құйылған алты бөтелке, химиялық реактивтері бар тоғыз канистр, зертханалық ыдыстар, электронды таразылар мен жеке қорғаныс киімдерін тапқан.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 келіні құраған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза тағайындалуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл