453.87
508.33
5.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Qarmet биыл 4 млн тонна болат өндірмек: Тоқаевқа өндіріс барысы таныстырылды
Жаңалықтар

Qarmet биыл 4 млн тонна болат өндірмек: Тоқаевқа өндіріс барысы таныстырылды

02.11.2026
0 мин
0
64
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыға жұмыс сапары аясында Qarmet компаниясының конвертер цехын аралады. Кәсіпорын 2026 жылдың қорытындысы бойынша 4 млн тонна болат өндіруді жоспарлап отыр. Компания өндірісті жаңғыртуға 2,7 млрд доллардан астам инвестиция салған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысына Qarmet металлургия комбинатындағы болат өндіру үдерісі таныстырылды. Атап айтқанда, домна пешінен алынған сұйық шойынның болатқа айналу кезеңі көрсетілді. Дайын өнім кейін үздіксіз құю қондырғысына, одан соң илемдеу цехына жөнелтіледі.

Компанияның хабарлауынша, 2024 жылы №1 және №2 конвертерлерге күрделі жөндеу жүргізіліп, олардың корпустары толығымен ауыстырылған. Жаңартылған жабдықтар өндіріс көлемін арттыруға, өнім түрлерін көбейтуге және технологиялық құрылғылардың сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазір цехтағы бірқатар технологиялық үдерісті табиғи газға көшіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Кездесу барысында Qarmet директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев компанияның өндірістік көрсеткіштері мен инвестициялық жобалары туралы баяндады.

2026 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 4 млн тонна болат, 3,6 млн тонна көмір және 3,9 млн тонна темір рудасы концентратын өндіруді жоспарлап отыр.

Компания мәліметінше, жұмысын бастағаннан бері өндірісті жаңғыртуға және жаңа өнеркәсіптік нысандар салуға 2,7 млрд доллардан астам инвестиция бағытталған.

Qarmet – толық өндірістік циклі бар Қазақстандағы ірі тау-кен металлургия компанияларының бірі. Кәсіпорында шамамен 35 мың адам еңбек етеді. Оның ішінде 14 мыңнан астам қызметкер Теміртаудағы металлургия комбинатында жұмыс істейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл