| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан білім беру үдерісіне ЖИ-ді белсенді енгізе бастаған алғашқы елдердің бірі болды. Бұл ретте негізгі қағида – ЖИ студентке көмектесуі керек, бірақ оның өз жұмысын алмастырмауға тиіс. Жасанды интеллект элементтерін студенттік және ғылыми жұмыстарды жазу кезінде бірқатар талаптарды сақтай отырып пайдалануға болады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында журналистің сауалына берген жауабында мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Біріншіден, студент немесе зерттеуші өз қорытындысын жасауға тиіс аналитикалық бөлімдерді, тұжырымдар мен қорытындыларды жазу кезінде алгоритмдерді қолдануға болмайды. Екіншіден, ЖИ немесе алгоритмдердің нәтижелерін пайдаланған жағдайда міндетті түрде сілтеме жасау қажет. Яғни, «осы бөлімді мен белгілі бір алгоритмнің көмегімен алдым, ол деректерді өңдеп, маған осындай нәтижелер берді» деп көрсету керек, – деді спикер.
Студенттік жұмыстарда ЖИ қолданудың рұқсат етілген көлемін әрбір жоғары оқу орны өз бетінше айқындайды.
Министрдің айтуынша, бүгінде әлемнің барлық білім беру жүйесінің алдында жасанды интеллектіні қолдануда дұрыс тепе-теңдік табу міндеті тұр.
Қазіргі уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тест әзірлеу саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі ETS-пен бірлесіп, тестілеудің жаңа форматын әзірлеуде. Ол білім көлемін ғана емес, логикалық ойлауды, ойлау жүйесінің құрылымын, цифрлық сауаттылықты және жеке тұлғаның жекелеген қасиеттерін де бағалайтын болады. Министрдің сөзінше, жаңа тест келесі жылы пилоттық режимде іске қосылмақ.