
Қазақстан Республикасы бойынша бірнеше қаладан барлығы 51 баспана сатып алынды. 352 адам өз шаңырағында қоныс тойын тойлады;

«Бала-шағамен ауылға» жобасы бойынша көшкен 5 отбасыға 10 сиыр, 10 бұзау сатып алынды. Отбасыларға 1 жыл бойы 42 500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілуде;

Бірнеше жанның ота жасауына көмек көрсетілді;

«Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірге «Оқушыны қолда» акциясы аясында жетім балаларға 20 планшет, 10 ноутбук сатып алынды.

Түркия мен Қытай Республикасынан 300 оттегі концентраттары еліміздің қала/аудан/ауыл ауруханаларына жеткізілді;

«Dauletten қайырымдылық қоры» еліміздің танымал жандарымен бірлесе 100 білімді жасқа 100 мың теңгеден "Білімнің жұлдызы" шәкіртақысын тағайындады.

Табиғи апат салдарынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының ҰБТ тапсыратын 160 түлегіне ноутбук сатып алынды;

Жамбыл облыcы Байзақ ауданында орын алған жарылыстан зардап шеккен және өрт орнында талмай қызмет етіп жүрген көпбалалы өрт сөндірушілер мен олардың отбасына “Dauletten” қайырымдылық қоры тарапынан 100 000 теңгелік сертификаттар табысталды.

COVID-19 пандемиясына байланысты орын алған төтенше жағдай кезінде 600 отбасыға азық-түлік себеттері берілді;

Жаңа оқу жылында қор тарапынан "Мектепке дайындық" акциясы ұйымдастырылып көпбалалы, толық емес отбасы санатына жататын 50 отбасыға мектепке қажетті заттарын алу мақсатында сертификаттар табысталды.