| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қайырымды оқырман атынан 87-баспана кілті табысталды. Бүгін Талдықорған қаласында - қоныс той. Қайырымды оқырман атынан жалғызбасты ана Күнсұлу ханымға баспана кілтін сыйладық.
Отбасыға 16 млн теңгеге 2 бөлмелі үй алынды. Мектеп, балабақша, аурухана жақын орналасқан. Үйге тоңазытқыш, кір жуғыш машина, кілем, көрпе, жаңа ыдыстар, үстел-орындық алынды. Сондай-ақ қосымша қажеттіліктеріне деп 500 000 теңге ақшалай көмек бердік.
Қолындағы барын беріп, қолдау білдірген қайырымды жандарға мың алғыс! Сіз жолдаған қаражат бүгін осындай игі іске ұласып отыр. Бұл шаңырақ балалардың бақытты күндері өтетін мекенге айналсын. Әр қазақ баспаналы болсын!