| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасиетті айда бір отбасының тілегі қабыл болды! Бүгін Талғар қаласында қоныс той. Төрт баланың әкесі Нұрлыбек мырза баспаналы болды. Бұл @dauletten_qory сыйлаған 84-баспана кілті. Осындай игі іске қолдау білдірген қайырымды оқырманға мың алғыс!
Отбасына 22 млн теңгеге 70,7 шаршы метрлік, 3 бөлмелі үй алынды. Балалар үшін қолайлы, жанында балабақша, емхана және мектеп орналасқан. Сондай-ақ жеке гаражы бар. Жиыны 2 млн теңгеге үйді толық жабдықтадық. Жаңа тұрмыстық техника, жиһаз, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ, кілем, перделер - барлық қажетті заттар алынды. Отбасына бастапқы кезеңге деп азық-түлік те алдық.
Отбасын қолдап, қаншама жан хат жазып, баспаналы болуына тілекші болды. Міне, бүгін бір отбасының арманы орындалды. Балалар жайлы, кең, ең бастысы - өз үйінде өмір сүреді. Қолдау білдірген әр жанға мың алғыс! Береке мен мейірімге толы айда дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!