Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Артқа қайту

Алтынай Айтқұлова

03.02.2024
1 мин
0
118
Алтынай Айтқұлова

Сүйінші, қазақ елі! "Dauletten қайырымдылық қоры" 67-баспана кілтін 5 балалы Алтынай ханымға табыстады. 

Балалардың әкесін бір топ кәмелет жасындағы жігіт ұрып, ол оқиға орнында қаза тапқанын жазған едік. Ауыр қайғыдан кейін, пойызда жұмыс істейтін ана үшін балаларын көру де арман еді. Бүгін бұл отбасы баспаналы болып, балалардың анасымен бірге тұру арманы орындалуда! 

Дәулетті оқырман арқасында Шымкент қаласынан 25 млн теңгеге 6 сотық жерімен, 5 бөлмелі үй алынды. Үйге қажетті техникалар табысталды. Оның ішінде тоңазытқыш, кір жуғыш машина, газ плита, теледидар бар. Балаларға төсек-орындар, көрпе-жастықтар мен кілем алынды. Ас бөлмесі толық жабдықталды. Үстел, орындық, жаңа ыдыстар алдық. Баспана мектепке, балабақшаға жақын. Отбасыға қосымша 1 миллион теңге ақшалай көмек берілді. 

Сіз жолдаған қаражат осындай игі іске ұласып отыр. Берген садақаңыз үміт пен мейірім сыйлап, балалардың жүрегіне жақсылыққа деген сенім ұялатты. Суық күнде жылу сыйлай білген жомарт жандарға мың алғыс. Бұл шаңырақ - балалардың бақытты күндері өтетін мекенге айналсын. Балалардың көз жасы тек қуаныштан болғай. Әр қазақ баспаналы болсын!

Реквизиттері:
Байланыс:
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл