Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Артқа қайту

Қуатбай мен Айгүл

02.11.2020
1 мин
0
1705
Қуатбай мен Айгүл

Дәулеттің оқырмандары 23-баспананы сыйлады!!!

Өткен аптада өткен қазан айының Қайырымды жұмасында Дәулеттің оқырмандары Жаңаөзендік көпбалалы отбасы Қуатбай мен Айгүлдің баспаналы болуына қаражат жинаған болатын. Алла нәсіп етіп, бүгін, қор директоры Ұлан Дәулетқали сіздердің аманаттарыңызды орындау үшін арнайы Маңғыстау облысына барған болатын. Сенесіз бе? Нотариус Гүлфайруз ханым да, үйін сатушы Мәулен мырза да Дәулеттің оқырманы болып шықты. «Менен көрімдік болсын» деп нотариус құжаттарды тегін рәсімдеді. Ал үй иесі болса, тұрмыстық техниканың барлығын қалдырып «тек киім-кешектері мен өздері ғана келсе болды» деп жатыр! Алла Тағаланың құдіреті шексіз. Айтар алғысымыз зор сіздерге!

Үй өте қолайлы жерде орналасқан. Дәл жанында 3 балабақша мен мектеп, тіпті үлкен ұлы емделіп жүрген аурухана да тиіп тұр. Құжаттарды кенже ұлы Демеудің атына рәсімдедік. Үйдің құны банк комиссиясымен қосқанда 7,5млн теңге.

Ресми сәт аяқталған соң, 200 км жерде орналасқан мектеп-интернатта оқитын Қуатбай мен Айгүлдің 4 қызына аттанды. Балаларға сүйінші жаңалықты жеткізіп, қуаныштан көз жасын тыйдыра алмадық.

Қайырымды жұмаға ат салысатын әрбір оқырманымызға бас иіп, рақмет айтамыз! Сіздердің көмектеріңізбен бүгінгі Қасиетті Жұма күнін игі істермен аяқтадық. Алла Тағала баршаңызға разы болсын!

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Дәулеттің оқырмандары 23-баспананы сыйлады!!! Өткен аптада өткен қазан айының Қайырымды жұмасында Дәулеттің оқырмандары Жаңаөзендік көпбалалы отбасы Қуатбай мен Айгүлдің баспаналы болуына қаражат жинаған болатын. Алла нәсіп етіп, бүгін, қор директоры Ұлан Дәулетқали сіздердің аманаттарыңызды орындау үшін арнайы Маңғыстау облысына барған болатын. Сенесіз бе? Нотариус Гүлфайруз ханым да, үйін сатушы Мәулен мырза да Дәулеттің оқырманы болып шықты. «Менен көрімдік болсын» деп нотариус құжаттарды тегін рәсімдеді. Ал үй иесі болса, тұрмыстық техниканың барлығын қалдырып «тек киім-кешектері мен өздері ғана келсе болды» деп жатыр! Алла Тағаланың құдіреті шексіз. Айтар алғысымыз зор сіздерге! Үй өте қолайлы жерде орналасқан. Дәл жанында 3 балабақша мен мектеп, тіпті үлкен ұлы емделіп жүрген аурухана да тиіп тұр. Құжаттарды кенже ұлы Демеудің атына рәсімдедік. Үйдің құны банк комиссиясымен қосқанда 7,5млн теңге. Ресми сәт аяқталған соң, 200 км жерде орналасқан мектеп-интернатта оқитын Қуатбай мен Айгүлдің 4 қызына аттанды. Балаларға сүйінші жаңалықты жеткізіп, қуаныштан көз жасын тыйдыра алмадық. Қайырымды жұмаға ат салысатын әрбір оқырманымызға бас иіп, рақмет айтамыз! Сіздердің көмектеріңізбен бүгінгі Қасиетті Жұма күнін игі істермен аяқтадық. Алла Тағала баршаңызға разы болсын!

Публикация от Dauletten қайырымдылық қоры (@dauletten_qory)

Реквизиттері:
Байланыс:
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл