455
498.77
5.56
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
12 жылға сотталған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі жазасын өтеуден босатылды
Жаңалықтар

12 жылға сотталған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі жазасын өтеуден босатылды

23.11.2026
0 мин
0
28
Сурет: Forbes.kz

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев денсаулық жағдайына байланысты жазасын өтеуден босатылды. Бұл ақпаратты Алматы облысы Алатау қаласының соты растады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Соттың мәліметінше, 17 қарашада экс-әкімді сырқаттануына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы шешім қабылданған. Алайда сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Белгілі болғандай, прокуратура аталған шешіммен келіспей, оның күшін жою туралы өтінішхат енгізген.

Еске салайық, Кәрім Көкірекбаев 2022 жылы ұсталған болатын. 2024 жылы сот оны тағылған айыптар бойынша ақтағанымен, кейін қылмыстық іс қайта қаралды. Нәтижесінде 2025 жылдың шілдесінде бұрынғы шенеунік 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Экс-әкімге 800 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылған. Бұл қаражат сол кездегі валюта бағамымен шамамен 369 миллион теңгені құраған. Ал мемлекетке келтірілген залал 2 миллиард теңгеге бағаланған.

Қазіргі уақытта Көкірекбаевты жазасын өтеуден босату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену-енбеуі прокуратураның өтінішхатын қарау нәтижесіне байланысты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл