444.16
487.29
5.4
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салынады
Жаңалықтар

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салынады

18.11.2026
0 мин
1
263

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салу жоспарланып отыр. Тиісті норма мақұлданған заң жобаларында қарастырылған, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Заң жобасына сәйкес, 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларға әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға шектеу қойылмақ. Алайда бұл талап жедел хабар алмасу сервистеріне қолданылмайды.

Сонымен қатар бес мыңнан астам жазылушысы бар онлайн-платформа пайдаланушыларының тізілімін жүргізу құзыреті уәкілетті органға беріледі.

Жаңа талаптар білім беру контентін тарататын авторларға да қатысты. Енді онлайн курстар мен белгілі бір сала бойынша оқыту материалдарын жариялайтын азаматтар өздерінің тиісті білімі бар екенін растайтын дипломы немесе сертификаты туралы мәліметтерді көрсетуге міндеттелмек.

Бұдан бөлек, заңнамаға «оккульттік қызметтер» ұғымын енгізу көзделген. Оған табиғаттан тыс, паранормалды немесе ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген қабілеттерге негізделген қызметтер жатады.

Мұндай қызметтер туралы жарияланатын материалдарда олардың ойын-сауық сипатында екені және ғылыми немесе практикалық тұрғыдан расталмағаны жөнінде арнайы ескерту берілуі тиіс.

Айта кетейік, аталған өзгерістер әзірге заң жобаларында көзделген. Сондықтан жаңа талаптар қолданысқа енгізілген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жанна 18.11.2026
Сөзден іске өтетін уақыт болды жылда айтылып келеді бірақ орындалмайды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл