444.16
487.29
5.4
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
27 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Мәскеуде ұсталды
Жаңалықтар

27 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Мәскеуде ұсталды

18.11.2026
0 мин
0
248

Павлодарда 1999 жылы жасалған қарақшылық шабуыл үшін іздеуде жүрген қылмыскер 27 жылдан кейін Мәскеуде ұсталды. Ол ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап келген, – деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні ұстау үшін өңірдің криминалдық полиция қызметкерлері Ресей ІІМ-нің жедел қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде оның Мәскеу қаласында жүргені анықталып, қолға түскен.

Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Танжанов өңірде іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2026 жылдың алғашқы 10 айында облыс бойынша барлығы 82 адам іздеуде болған. Олардың 62-сі биыл іздеуге жарияланған. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 73 адамның жүрген жері анықталған.

Атап айтқанда, олардың біреуі адам өлтіру, үшеуі қарақшылық шабуыл, тағы үшеуі тонау қылмысы үшін іздеуде болған.

Сонымен қатар Павлодар облысының аумағында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 31 адам анықталған. Ал Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып жүрген тағы жеті қылмыскердің жүрген жері белгілі болды.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, ел ішінде немесе шетелде бой тасалап жүрген адамдарды іздестіру жұмыстары прокуратурамен бірлесіп жүргізіледі.

Ведомство қылмыс жасаған адамдардың жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеу және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл