Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маусым айында біз бір отбасында екі немесе одан да көп мүмкіндігі шектеулі балалар бар жанұяларға көмек беруді бастадық. Шыны керек, бір баланың өзін тәрбиелеу оңай емес. Ал мына видеода Эльмираның екі баласы да ауырады. Баспаналары жоқ. Өзі 2018 жылы қызын босанғаннан кейін инсульт алған, қазір дәрігердің бақылауында. Жолдасының ескі көлігі бар. Таксист болып ақшасын тауып жүр.
10 қабатта пәтерде тұрып жатыр. Балаларды сыртқа шығару қиын. Коляска лифтке де сыймайды. Эльмира шағын жер үйіміз болса деп армандайды. "Dauletten қайырымдылық қоры" атынан бұл отбасыға Ақтөбе қаласынан 5 бөлмелі жер үй алынды.