Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Dauletten қайырымдылық қоры" бес балаға Алматының қақ ортасынан баспана кілтін табыстады. Бұл қайырымды оқырман сыйлаған 76-баспана кілті.
Сынақтың артынан сынақты сынбай көтеріп келген 5 бала. Бүгін армандары орындалып, баспаналы болды. Жаны жомарт, жүрегі кең оқырман арқасында балапандардың тілегі қабыл болды. 29 млн теңгеге барлық жағдай жасалған 2 бөлмелі пәтер алынды. Мектеп, балабақша, аурухана бәрі жақын орналасқан. Жиыны 2 млн теңгеге тұрмыстық техника, жиһаз, көрпе-жастық, үстел-орындықтар, кілем, перде, ыдыс-аяқтар сатып алынды.
Cіздің жасаған жақсылығыңыз бір отбасының жақсы өмір бастауына себеп болды. Осы шаңырақта балалар бақытты болып, қазаққа қызмет ететін қыз-жігіттер өсіп, қуаныш еселене берсін. Әр қазақ баспаналы болсын!