Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дильнас Шарипбаева – бауырларымен жетім қалған елордалық бойжеткен қыз. 2007 жылы әкесі жедел ми қан айналымы мен созылмалы жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Анасы 2020 жылдың шілдесінде Сovid-19-дан, ал бір айдан соң, 28 жастағы үлкен ағасы дүниеден өткен.
Кәмелет жасқа толмаған үш бауырымен баспанасыз қалған Дильнастың жағдайы Дәулеттің оқырмандарын бей-жай қалдырмады. Бір жұдырықтай жұмылған қайырымды жандар 12 сағатта16 330 000 теңге жинап, Нұр-Сұлтан қаласынан жетім балаларға 2 бөлмелі пәтер сыйлады.