Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Екі бірдей баласы аутизм дертіне шалдыққан жалғызбасты ана Әйгерімге «Dauletten қайырымдылық қоры» баспана кілтін табыстады.
Өткен аптада Әйгерімнің жан айқайын экономист-блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде жариялаған еді. Небәрі 24 сағаттың ішінде қаражат жиналып, Әйгерімге жиыны 18 миллионға 8 соток жерімен баспана алынды.
«Қоныс той! Естеріңізде болса өткен бейсенбіде Әйгерімнің баспаналы болуына ақша жинаған едік. Бүгін міне, баспанасына кірді. Қаланың жаңа ауданынан 8 соток жерімен 18 миллионға жер үй алдық. Бұл «Dauletten қайырымдылық қоры» табыстаған 44 баспана! Дәулетті армияма мың алғыс!», - деп жазды Дәулет Төлеутайұлы әлеуметтік желіде.