Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сәуір айындағы "Қайырымды жұма" акциясы аясында Молдабеков Ахметбек пен Түлендиева Қайыпжамалға көмек бердік. Қайыпжамал тәте мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Күйеуі 1-топ мүгедегі. Дәрігердің қарауында есепте тұр. Арасында талып қалатыны бар. Ал ұлы болса 3-топ мүгедегі. Құлағы естімейді, сондай-ақ сөйлемейді. Келінің диагнозы да дәл солай. Өзара ыммен сөйлеседі. Қайыпжамал тәтенің тапқан қаржысы отбасына жетпейді. Арасында қосымша жалдамалы жұмысқа барады. Ұлы да жұмыс істейді. Десек те, көбіне техникамен істейтін болғандықтан барлық жұмысқа жарамайды екен.
Дәулетті оқырмандардың арқасында бұл отбасыға 32-баспананың кілті табысталды.