458.28
501.45
5.59
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздары марапатталды

24.11.2026
0 мин
0
130

Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздары марапатталды. Биыл байқауға 200-ден астам өтінім түсіп, үздік деп танылған 13 жобаға жалпы көлемі 13 миллион теңге грант бөлінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоба талантты әрі бастамашыл жастарды қолдауға, олардың тың идеяларын жүзеге асыруға және әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамытуға бағытталған.

Биыл гранттар алты бағыт бойынша тағайындалды. Атап айтқанда, ғылым, мәдениет, волонтерлік, ақпараттық технологиялар (IT) және медиа салаларының әрқайсысына екі гранттан, ал бизнес бағытына үш грант бөлінді.

Байқау барысында қатысушылар ұсынған жобалар өзектілігі, жаңашылдығы, жүзеге асыру мүмкіндігі және қоғамға тигізетін пайдасы бойынша бағаланды. Сараптамалық іріктеу нәтижесінде үздік 13 жоба қаржылай қолдауға ие болды.

Жеңімпаздар қатарында әлеуметтік және технологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар да бар.

Мәселен, бизнес бағыты бойынша Айгерім Тутованың «AI-ERKEM» жобасы үздіктер қатарынан көрінді. Бұл бастама есту қабілеті бұзылған, оның ішінде кохлеарлық имплант пен есту аппараттарын пайдаланатын балаларға арналған түзету-дамыту орталығын ашуды көздейді.

Ал ақпараттық технологиялар бағыты бойынша Ернат Қалкөздің «MindRelay» жобасы қолдау тапты. Жоба мессенджер арқылы жұмыс істейтін N.I.R.A. жасанды интеллект көмекшісіне негізделген ақпараттық жүйені дамытуға бағытталған.

Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға грант сертификаттары табысталып, олардың алдағы бастамаларына сәттілік тілектері айтылды.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдан бері жыл сайын тағайындалып келеді. Ал Алматы қаласында аталған жоба 2023 жылдан бастап тұрақты түрде жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін дамыту, олардың жаңа бастамаларын қолдау және елдің қоғамдық әрі экономикалық дамуына үлес қосуына жағдай жасау.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл