458.28
501.45
5.59
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджері ұсталғаннан кейін компания акциялары күрт арзандады
Жаңалықтар

«Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджері ұсталғаннан кейін компания акциялары күрт арзандады

25.11.2026
0 мин
0
50
Сурет: ЖИ

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының топ-менеджері Қуаныш Омарбеков ұсталғаннан кейін компания акцияларының бағасы төмендеп, соңғы 52 аптадағы ең төменгі деңгейге жетті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

25 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) компания акцияларының құны айтарлықтай төмендеді. Сағат 14:12-дегі мәлімет бойынша, бір акцияның соңғы мәміле бағасы 25 141 теңгені құрады. Ал сауда барысында оның құны 24 950 теңгеге дейін түскен.

Салыстырмалы түрде алғанда, соңғы 52 аптада «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының ең жоғары бағасы 45 493 теңгеге жеткен. Қазіргі көрсеткіш сол деңгейден шамамен 45 пайызға төмен.

Акциялар бағасының төмендеуімен қатар, халықаралық нарықта да өзгеріс байқалды. Лондон қор биржасында компанияның жаһандық депозитарлық қолхаттары 1,99 пайызға арзандап, 54,2 долларға дейін түскен.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын хабарлаған еді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл