| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Айжан Аймағанова сталкинг үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутаттың пікірінше, адамның еркінен тыс аңду, мазасын алу және жүйелі түрде қудалау азаматтардың жеке қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Мұндай әрекеттерді елеусіз қалдыру жағдайдың ушығуына және одан да ауыр құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты Айжан Аймағанова Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына депутаттық сауал жолдап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы мәселесін көтерді.
Айта кетейік, сталкинг – адамның еркінен тыс аңду, қайта-қайта хабарласу, әлеуметтік желілер арқылы мазалау және жүйелі түрде қудалау сияқты әрекеттерді қамтитын қауіпті құбылыс. Психологиялық тұрғыдан мұндай қысым адамның бойында тұрақты үрей, мазасыздық пен қорғансыздық сезімін қалыптастыруы мүмкін. Ал қудалау әрекеттерінің ушығуы жәбірленушінің қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.