Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өрт – тілсіз жау. Өртке қарсы әрекет жасау кезінде әр секунд маңызды. Сондықтан қауіпсіздік шараларын алдын ала біліп, төтенше жағдай туындағанда дұрыс әрекет ету маңызды. Осыған орай Dauletten.kz сайты өрт кезінде қатаң түрде сақтау керек ережелерді еске салады.
Мамандар өрт кезінде түтін басқан дәліздер немесе баспалдақтар арқылы қауіпсіз жерге шығуға әрекет жасау қауіпті екенін айтады. Өрт сөндірушілердің айтуынша, төтенше жағдайда түтін басқан бөлмелерден өту кезінде тыныс алу жолдарын дымқыл шүберекпен жабу керек.
Қарапайым ережелер:
Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз;
Бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз;
Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз;
Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.
Дұрыс эвакуациялау ережелері
• Төмен еңкейіңіз немесе еңбектеңіз: өйткені түтін жоғары көтеріледі, ал төменде тыныс алу жеңіл болады;
• Есікті ашпас бұрын оның температурасын тексеріңіз: егер есік ыстық болса, оны ашпаңыз, бұл жақта өрт болуы мүмкін;
• Бала-шағаға көмектесіңіз: олар көбіне қорыққаннан дұрыс әрекет жасай алмауы мүмкін.
Егер сыртқа шыға алмасаңыз:
• Есікті мықтап жабыңыз және бос саңылауларды дымқыл матамен тығындаңыз;
• Терезеге жақындап, сыртқа белгі беріңіз (қол орамал немесе жарық құралдары арқылы);
• Тыныс алу үшін дымқыл мата немесе киімді қолданыңыз.
Есте сақтаңыз
• Өрт кезінде заттарға мән бермеңіз – бастысы өміріңізді қорғау.
• Егер сіздің киіміңіз отқа шалынса, тоқтаңыз, жерге жатып, домалаңыз. Бұл отты тез сөндіруге көмектеседі.
Алдын алу шаралары
• Өрт сөндіру құрылғыларын орнатыңыз. Үйде өрт сөндіргіштің және түтін детекторларының болуы өте маңызды;
• Электр құрылғыларын тексеріңіз. Ескі немесе зақымдалған сымдарды уақытылы ауыстырыңыз;
• Газ жабдықтарын қауіпсіз қолданыңыз. Газ пешін, баллондарды тексеріп отырыңыз;
• Балаларды қауіпті құралдардан (сіріңке, оттық) алыс ұстаңыз.
Өрт кезінде дұрыс әрекет пен алдын алу шаралары арқылы үлкен шығындардың алдын алуға болады. Ең бастысы – өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.