Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Бұрынғыдай қай айда қанша градус болатынын нақты болжап отыру қиын»: Эколог Лаура Маликовамен сұхбат
Маман пікірі

«Бұрынғыдай қай айда қанша градус болатынын нақты болжап отыру қиын»: Эколог Лаура Маликовамен сұхбат

22.01.2024
3 мин
1
2086

Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Маликова Қазақстандағы экологиялық проблемалардың салдары туралы пікір білдірді.

Нұрбике Жігерқызы: Лаура ханым, тәжірибешіл экологтар қауымдастығын құру туралы ойға қалай келгеніңізді айтып беріңізші. Жалпы өзіңіз елдегі экология саласы туралы не ойлайсыз?

Лаура Маликова: Ең алдымен өзім өндірісте жұмыс істеген кезде практик эколог мамандар мен мемлекеттік органдар арасында байланыс жоқ екеніне көз жеткіздім. Мемлекеттік органдар кейбір өзгерістерді, бұйрықтар мен кодекс жобаларын болсын жеке, тәжірибелі экологтардың қатысуынсыз қарастыра береді. Кейін мен ел ішіндегі экологтарды біріктіретін қауымдастық құруды жөн көрдім. Осылайша, 2018 жылы әріптесім екеуміз тәжірибелік экологтар қауымдастығын құрдық. Бұл қауымдастық экологтарды оқытып қана қоймай, тәжірибелі маман қылып шығаруға бағытталған. 

Нұрбике Жігерқызы: Қазір Қазақстандағы ең үлкен экологиялық проблема деп нені айтар едіңіз?

Лаура Маликова: Негізінен әлем бойынша бір емес, бірнеше экологиялық мәселелер ауа арқылы туындайды. Атап айтар болсақ, ауаның ластануы ең бастысы. Ал оның себебі қоқыстан бастау алады. Қоқыс еліміздің бірқатар аймақтарында өте өзекті мәселе.  

Нұрбике Жігерқызы: Лаура ханым, айтыңызшы, Қазақстанда қанша қоқыс полигоны бар?

Лаура Маликова: Елімізде 4 мыңға жуық қоқыс полигоны мен 8 мың заңсыз қоқыс алаңы бар. Жалпы жыл сайын Қазақстанда 6 млн тоннаға жуық қоқыс шығарылады.

Нұрбике Жігерқызы: Ал аймақтар бойынша тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау деңгейі мен өңдеу тереңдігі қандай?

Лаура Маликова: Әр өңірдің қалдық сұрыптау деңгейі жағдайға байланысты әрқалай. Атап айтатын болсам, елордалық зауыт, қазіргі уақытта қайта өңдеуге тек 15% жібереді, ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл дерек 12% құраған. Қазақстан облыстары арасынан жоғары деңгей көрсетіп отырған Алматы облысында 2018 жылы 30% - ға жуық сұрыпталған. Қарағанды облысында – шамамен 16%, Ақтөбе облысында – 12%, Шымкентте шамамен 19%. Жалпы Республика бойынша тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен өңдеудің орташа деңгейі – 11,5% құрайды. Әзір бірде-бір аймақ 50% - ға жеткен жоқ.

Нұрбике Жігерқызы: Қазақстандықтар үшін қоқыс шығару тарифі қанша теңгені құрайды?

Лаура Маликова: Әр аймақта қоқыс шығару тарифі әртүрлі есептеледі. Былтыр маусым айында Ұлттық статистика бюросы Қазақстан бойынша қоқыс шығарудың адам басына орташа тарифы 403 теңге екенін хабарлаған еді.

Нұрбике Жігерқызы: Қазір әлем бойынша ауа райының құбылуы тез жүріп жатыр. Елдегі құрылыс саласы туралы әңгіме өрбітейікші. Біраз отандық құрылыста КСРО кезіндегі климаттық белдеу әдісі әлі қолданылып келеді. Тіпті ғимарат тұрғызу кезінде жобалаушылар үшін сападан бұрын тығыз уақытта үлгеріп есептеп беру бірінші орында тұрады. Ал құрылыстан кінәрат шықса, компанияның төлейтіні бар-жоғы 200 АЕК қана. Бұл өзіңіз талайдан көтеріп жүрген мәселелердің бірі. Елімізде қандай өзгерістер болып жатыр?

Лаура Маликова: Расымен, бізде кей өңірлерде құрылыс сейсмикалық, тағы басқа қауіптерді ескере отырып салынуы тиіс. Конституциямызда Қазақстан – құқықтық мемлекет деп жазылған. Ал енді қабылданған заңдарымызға, құжаттарымызға назар аударатын болсақ, Кеңес одағы кезіндегі құрылыс жоспарлары әлі қолданылып жатыр. Бұл – үлкен мәселе. Мысалы, Жапония ғимарат, не үй салғанда бірден сейсмикаға төтеп бере алатындай етіп салады. Себебі олар әу бастан құрылыс нормаларында болжамды мәселелердің шешімін қарастырып қояды. Олардың құрылыс қаңқасы да басқаша. Біздегідей жерге қазық қағып, арматурамен тоқып жатпайды.

Нұрбике Жігерқызы: Өңірлерді айтпағанда, Астананың өзі күз, көктем мезгілдерінде Венецияға айналып жатады. Тіпті бір күнде жаңбырдың айлық нормасы жауған кездер де болды. Бұл мәселеге қатысты қандай пікір білдіресіз?

Лаура Маликова: Елордадағы суағарлар жүйесі бір күндік нормаға арналған. Қазгидрометтің ресми деректеріне сәйкес, қысқы уақытта жалпы орташа температура 4 градус өскен. Бұл климат жылып жатыр деген сөз. Ташкенттегі жағдайға бәріміз куәміз. Оларда мұнша аномалды суық болмаған. Бірақ осы қыс суық болып кетті. Яғни, температура құбылып тұрады. Бұрынғыдай қай айда қанша градус болатынын болжап отыру қиын. Қырғызстанда да сол тектес жағдай болып, ЖЭО-ларында су қатып қалып, жұрт жылусыз отырды. Мұндай жағдайлар бізде де енді жиілей береді. Себебі климаттың өзгеруі үлкен қарқынмен жүріп жатыр. Ол тек Антрактида мен Арктикада болып жатқан жағдай емес, ол бүкіл әлемдегі көрініс. Яғни, аталған экологиялық проблема салдарынан жаңа салынған құрылыс асты шіриді.

Нұрбике Жігерқызы: Сұхбатыңызға рахмет, Лаура ханым!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
p
popsobn 04.07.2024
Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл