Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек?
Жаңалықтар

Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек?

01.02.2025
мин
13
10873
Сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Кез келген адам қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін. Егер несиені уақытында төлеу мүмкіндігіңіз болмаса, қандай әрекеттер жасау керектігін білу маңызды. Мұндай жағдайда қарызды қайта құрылымдау – яғни, несие шарттарын өзгерту арқылы төлем жүктемесін жеңілдетуге болады. Бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айтып берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Несиені қайта құрылымдау

Егер қарыз алушының қаржылық қиындықтарға тап болуына төмендегідей объективті себептер ықпал етсе, банк қайта құрылымдау туралы өтінішті қарастыра алады:

  • табысы азайып немесе жұмыссыз қалу;
  • ауыр сырқат немесе мүгедектік;
  • декреттік демалыс;
  • әскери қызметке шақыру;
  • форс-мажорлық жағдайлар (өрт, мүліктің ұрлануы және т.б.).

Неғұрлым ертерек банкке жүгінсеңіз, соғұрлым айыппұлдардан, несие тарихының нашарлауынан және қаражатты сот арқылы өндіріп алудан аулақ болу мүмкіндігі жоғары.

Өтініш қалай беруге болады?

Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен төлем кешіктірілген күннен кейін 30 күн ішінде банкке жүгініңіз. Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіп, растайтын құжаттарды (табыс туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) тіркеңіз. Банк өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, шешімдер ұсынады.

Несиені қайта құрылымдау жолдары қандай?

Банктер келесі шешімдерді ұсына алады:

  1. Несиенің мерзімін ұзарту – ай сайынғы төлемді азайтады, бірақ артық төлем сомасын көбейтеді.
  2. Пайыздық мөлшерлемені төмендету – бұл Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендеткен жағдайда іске асырылуы мүмкін.
  3. Төлемдерді кейінге қалдыру – белгілі бір уақытқа төлемнен босатады, бірақ пайыздар есептеле береді.
  4. Айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару – банк оларды ішінара кешіруі мүмкін.
  5. Қайтару тәртібін өзгерту – негізгі қарызды өтеуге басымдық беру.

Банк бас тартқан жағдайда не істеу керек?

Егер банк қайта құрылымдауға рұқсат бермесе, сіз:

  • банк омбудсманына жүгіне аласыз;
  • заңгерден кеңес ала аласыз;
  • қайта қаржыландыру мүмкіндігін қарастыра аласыз – яғни, бұрынғы несиені өтеу үшін тиімді шарттармен жаңа несие алу.

Бастысы – мәселені назардан тыс қалдырмау керек. Банкке уақытында жүгіну қаржылық қиындықтарды алдын алуға және қаржылық тұрақтылығыңызды сақтауға көмектеседі.

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8920 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
13 Пікір
Н
Наз 06.02.2025
Бізде банктерде процент көп, және ешқайсысы дифференциалдық кредит бермейді. Сосын страховка ең , страховкасыз кредит усынады. Бірақ бірде бір рет страховкамызды алған емеспіз
Жауап беру
А
Акбокен 05.02.2025
Каспий банк ИП кредитке график бермеді. Соңында коллекторға өткізіп барып график алдым.
Жауап беру
М
Майра 04.02.2025
Менің күйеуім кредитін төлеп жүрген, қыста жұмысы болмай төлей алмай қалды . Банктер звондап миды ашытты. Күйеуім мен қашпаймын, төлеймін, бірақ маған график қойып беріңіздер деді процентін алып тастап. Сондада да процент алмады. Күйеуім қырсығып төлемей жүр.
Жауап беру
М
Майра 04.02.2025
Менің күйеуім кредитін төлеп жүрген, қыста жұмысы болмай төлей алмай қалды . Банктер звондап миды ашытты. Күйеуім мен қашпаймын, төлеймін, бірақ маған график қойып беріңіздер деді процентін алып тастап. Сондада да процент алмады. Күйеуім қырсығып төлемей жүр.
Жауап беру
А
Айдын 03.02.2025
Мен машина алгам сонгы 3 ай толей алмадым банкка барсам заявление жазып корейн деп едим, машинаны сатып жибериниз деп айгайлап шыктыго банк кызметкерлери
Жауап беру
Ж
Жазира 02.02.2025
87051051991 ватсап. Тиімді график алу көмектесемін немесе жолын көрсетемін.
Жауап беру
А
Алмас 02.02.2025
Банк қайта график жасап бермейді қанша өтініш жаздым барып сұрадым ешқандай жасап бере алмаймыз деді
Жауап беру
Ф
Фатих 03.02.2025
Ия шындык! Жасап бермейды! Өз заңдарын айтып кетеды
Жауап беру
O
Ozoda Zhanibekova 02.02.2025
Жолдасым 5млн кредит алған автобус алу үшін, адамдарды тасымалдау үшін, қыста жұмыс болмады ауа райына байланысты, банк төлемесеңіз автобусты аламыз деді, кредитті жабу үшін кредит алды, банк осы екі ай қарзды төлесеңіздер екі айға демалыс береміз деген, бірақ келесі кредит құйатын кезде тағы солай істеп отыр, не істесе болады
Жауап беру
А
Айымгул Есетовна 01.02.2025
Осы кридитти кридит алып жауып шаршатып жиберди калай кутыламыз
Жауап беру
И
Индира 01.02.2025
Кмф деген компания алдында 2000000карызым бар бир жылдан асты толей алмадым енди еки рет сот болды екеуын де катыстым сотка бирак сот осылай шешти енди сот орындаушы га кеткен олар кредит устине 500000косып койган нестесем болады екен кмф ка канша бардым сот орындаушы дан алындар мен казир айына 200000,300000толин десем де алмайды кайда арыздан сам кайда барсам болады екен
Жауап беру
u
uteniyazovatoygan@gmail.com 01.02.2025
Кешіру кк мысалыға көп адам үйсіз жүр қалталы лардан алып отыраберсін жағдайы жоқтарға кешірсін или процентсіз айма ай бөліп төлеуге берсін пайда көрмейді емес көреді одан бөлек қанша адам алып айналдырып отыр
Жауап беру
И
Индира 01.02.2025
2000000 алгам онын устине банк 500000коскан оган сот орындаушы 500000коскан мен калай толеймин бунын барин баскада кредит жетед жай халыкты ешким ойлап жаткан жок мына сот орындаушы дегендер вообще куйайын умыткан жай отырып акша алад канша маган айгайлайды ещё ей дурыс тап сойле жалынып сура мен емес сен гой карыз деп
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл