| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Семейде ер адам мүмкіндігі шектеулі жанның кейпіне еніп, қайыр сұраған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Засядко көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында қайыр сұраумен айналысқан 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған.
- Ер адам инсульттан кейін осындай жағдай болғанын айтып, азаматтарды алдап, аяушылық сезімін тудырған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде қоғам белсенділерінің бірі бұл азамат шын мәнінде көмекке мұқтаж деп ойлап, материалдық көмек көрсеткен. Алайда кейін тұрғындардан бұл адам шын мәнінде мүгедек емес екені және денсаулығында ешқандай кінәрат жоғы туралы ақпарат түскен. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Семейдің мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған бес тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалған.