| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде мектеп оқушыларының сабақ кезінде телефон пайдалануына тыйым күшейтілді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Егер бала ережені бұзса, айыппұл ата-анасына салынады.
«Білім туралы» заңның 47-бабының 10-1-тармағына сәйкес, оқу процесі кезінде телефон қолдануға болмайды. Ал «Педагог мәртебесі туралы» заң бойынша, мұғалімдер оқушының телефонын тартып ала алмайды. Тек тәртіп бұзушылықты тіркеп, мектеп әкімшілігі мен полицияға хабарлауға міндетті.
Ереже бұзылған жағдайда ата-ана немесе қамқоршы 19 660 теңгеге дейін айыппұл төлейді.
Келешекте бұл шара балалардың оқу процесіне барынша назар аударуына, сабақ үстіндегі тәртіп пен білім сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.