Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов банкоматтан ақша алу тәртібі өзгеретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл банкоматтардан 13,2 трлн теңге алынды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 трлн-ға артық. Қолма-қол ақшаны көп жағдайда анонимді операцияларды жасау үшін пайдаланады. Ондайда берген және алған адамды анықтау қиын. Ал ақша бөгде адамдардың карталары арқылы жіберіледі.
- Біз реттеуші органмен бірге нақты шешімдерді әзірледік. Біріншіден, картаға 500 мың теңгеден астам салған кезде ақшаны жіберуші адамның ЖСН-ін көрсету міндеті енгізіліп отыр. Оған қоса, операцияны мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау міндеті пысықталып жатыр. Екіншіден, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер банкоматтардағы видеокамералардың жазбаларын кем дегенде 180 күн сақтауы қажет. Сол арқылы күдікті операциялардың қатысушыларын анықтауға болады, - деді Бижанов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, банкоматта биометриялық тексеріс - адамның бет-әлпеті мен саусақ іздерін тану қызметін енгізу қаралып жатыр.