| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 89 блогер заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті олардың тізімін жариялады.
Тізімде танымал қазақстандықтар да бар. Мысалы, Дархан Жолшыбек 393 200 теңге айыппұл төлесе, Мереке Қалбаеваға 589 800 теңге салынды. Блогер Нұрбек Нұртаза 1 179 600 теңге айыппұл арқалады.
Сондай-ақ актер Рамазан Амантайға 393 200 теңге, ал актриса Мөлдір Мұқановаға 589 800 теңге айыппұл тағайындалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1 бабының 6-бөлімі бойынша іс қозғалған.