Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Отбасы банк" салымшыларына сыйақы бөлу жүйесі өзгереді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Отбасы банк" басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, биыл мемлекеттік сыйақыны төлеудің жаңа тәсілдері қарастырылып жатыр.
Ибрагимова қазіргі таңда сыйақыны есептеудің ең тиімді нұсқалары пысықталып жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, басты мақсат – банк салымшыларының жаппай кетуіне жол бермеу.
Биыл мемлекеттік сыйақыға бөлінген жалпы сома 90 млрд теңгені құрайды. Алайда бұл қаражат барлық салымшыларға емес, белгілі бір топтарға адресті түрде төленуі мүмкін.
Осылайша мемлекеттік сыйақыны кімдерге берілетіні жуық арада нақтыланбақ.