Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісу облысы әкімінің кубогі: тапқыр жастар тартысты ойында бақ сынады
Жаңалықтар

Жетісу облысы әкімінің кубогі: тапқыр жастар тартысты ойында бақ сынады

25.10.2025
мин
0
118

Республика күніне орай жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, олардың бойындағы тапқырлық пен көшбасшылық қасиеттерін қолдау мақсатында Жетісу облысының Жайдарманнан әкім кубогі өткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
 
Бұл сайыс – облыс жастарының көптен күткен өнер додасы болды. Биылғы маусымда 11 команда қатысып, өзара әзіл мен тапқырлықта, сахналық мәдениет пен актерлік шеберлікте бақ сынады. Әр команда қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізіп, көрермен көңілін көтерумен қатар, ой саларлық мазмұн ұсынды.


 
Жайдарман – бүгінгі таңда еліміз бойынша жастар арасында ең танымал әрі кең ауқымды қозғалыстардың бірі. Ол жастардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар төмендегідей болды:
• І орын – «SU» құрамасы
• ІІ орын – «Энерго» командасы
• ІІІ орын – «Қыздар-Ай» командасы

Сонымен қатар көрермен көзайымы атанып, сахнада ерекше өнер көрсеткен Тұмар командасының ойыншысы Бекзат «Ең үздік ойыншы» номинациясы бойынша арнайы ақшалай сыйлыққа ие болды.


 
Жетісу облысы әкімінің кубогі – бұл тек әзіл сайысы ғана емес, жастардың мәдени, шығармашылық және креативті ортасын қалыптастыруға бағытталған үлкен сахналық жоба болды. Шара жастардың талантын ашып, олардың шығармашылық қабілетін одан әрі дамытуға зор мүмкіндік берді.
 
Кештің жүргізушісі – көпшілікке танымал «Шапалақ» командасының капитаны Серікбай Орынбасар болды.



Қазылар алқасының құрамы:

1. Panasonic Electric Works компаниясының ТМД елдері бойынша сату бөлімінің басшысы, Panasonic Electric Works ҚР өкілдік кеңсесінің директоры – Думан Туребаев;

2. Продюсер, актёр – Ерлан Қасымжанұлы;

3. Ардагер жайдарманшы – Аділбек Әбіл;

4. Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы;

5. «Көшбасшы – 2025» жастар сыйлығының жеңімпазы, кәсіпкер – Жазила Темірбекова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл