Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк несие беру шарттарын қатаңдатады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы реттеушісі 3–5 жылға берілетін кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша қарыз жүктемесін 0,25 деңгейінде шектеуді көздеп отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының міндетін атқарушы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Жаңа талап күшіне енсе, азаматтың ай сайынғы төлемі табысының 25%-ынан аспауы тиіс. Шектеу соңғы бір жылда 90 күннен астам төлемі кешіккен қарыз алушыларға да қатысты болмақ. Қазір бұл көрсеткіш 0,5 деңгейінде тұр.
Енді онлайн микронесие алу үшін биометриялық сәйкестендіру мен ЭЦҚ арқылы растау міндетті болады. Ал несие алаяқтық жолмен рәсімделсе, азамат қарыз төлеуден босатылады. Бұл шаралар қаржылық қауіпсіздікті күшейтіп, артық қарыздану қаупін азайтуға бағытталған.